Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда әйелге жасартатын дәрі егіп өлтіріп алған косметологқа үкім шықты

Абайсызда адам өлтіріп алған Эльвира Абдуллаеваның ісіне қатысты бүгін Оралда сот үкімі оқылды.

 

75795b348696687f0926cc743d01aa0b

Қалалық сотқа сілтеме жасаған Қазақстан жаңалықтары сайты  «Звезда Востока» сұлулық салонында жасартатын дәрі егіп, клиентін өлтіріп алған мәскеулік косметолог дәрігерге қатысты сот үкімі шықты деп жазды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан косметологты үш жылға бас бостандығынан айыруын сұраған еді.

Сот үкім шығарар алдында Абдуллаеваның бірқатар әрекеттеріне мынандай себептер бойынша кешіріммен қараған: бұл косметолог жіберген алғашқы қателік, өз кінәсін толықтай мойындауы, кәмелетке толмаған екі баласы бар. Сондай-ақ, сотта жәбірленуші тарап Абдуллаеваны қатаң жазалауды сұрамаған.

«Эльвира Абдуллаева  322 баптың 3 тармағы бойынша ( заңсыз медициналық қызымет көрсетіп, фармацевтикалық  өнімдерді азаматтарға еркін қолданғаны үшін) жауапқа тартылды. Үш жылға бас бостандығы шектеліп, медицина саласында қызмет етуден аластатылады»,-деді сот төрағасы. Cот үкімі шығысымен косметолог бостандыққа жіберілді.

28 наурыз күні  Оралдағы «Звезда Востока» сұлулық салонында  бет терісін тарттыру кезінде 39 жастағы әйел қайтыс болған еді. Болған жайт бойынша косметологтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сотта анық болғандай дәрігер  медициналық  білім алған,тек Қазақстан аумағында бұл қызметті көрсетуге лицензиясы болмаған. Белгілі болғандай қайтыс болған  айжан жақанова мен Абллаева осы қызмет үшін 1,5 мың АҚШ долларына өз ара келіскен.

Прокурор сотта Абдуллаеваның  бетін тарттыратын адамның салынғалы тұрған дәріге аллергиясы бар жоғын алдын ала тексеріп көрмеген деп айыптады. Дәрігер әйелдің бір бетінің терісін тартып болғаннан кейін екінші бетіне лидокаин еккен. Осыдан кейін жәбірленуші бірден анафилактикалық  шок алып, сол жерде қайтыс болған.

Абдуллаева сотта барлық әрекетті тиісінше өз заңдылығына сай жүргізгенін айтады.

Бұған дейін БАҚ-та қайтыс болған Айжан Жақанова  БҚО бойынша  Мемлекеттік кіріс департаментінің жетекшісі  Аманжол Жақановтың жұбайы екенін жазды. Ал «Звезда Востока» сұлулық салонының иесі  осы департамент  басшысының орынбасары Бауыржан Қайдаровтың әйелі  Венера болып шықты.

 

Талқылау