Оралда автобус кондукторы мүгедек жанды қуып, көлікке мінгізбей қойды (видео)

Куәгерлер кондуктордың әрекетін видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберді.

Видеодан мүгедек адамның көлік алдына шығып тоқтатпақ болғанын көруге болады. Алайда оны кондукторы қуып, көлікке жақындатпай қойды. Автобус тоқтамастан жедел кетуге тырысты. Мүгедек жігіт артында айқайлаған күйі қалып қалды. 

Бұл сәт желі қолданушыларының талқысына түсті. Олар аяушылық  танытпайтын жүргізуші мен кондукторладың көбейіп кеткенін айтты.

Ал, «Батыс Дилижанс» ЖШС директоры Владимир Юркевич, 31 арнаға берген сұхбатында оқиғаны басқаша баяндады.

“Жүргізуші аялдама алыс болғандықтан тоқтамағанын айтып отыр. Мүгедек жан оның жол жүруіне кедергі болған. Оның ескертуін де тыңдамаған көрінеді”, – дейді Владимир Юркевич.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар