Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ата-ана 10 айлық баласының өліміне дәрігерлерді айыптауда

Оралда 6 желтоқсан күні облыстық жұқпалы ауру ауруханасының жан сақтау бөлімінде 10 айлық бала қайтыс болған.

Untitled-6

24 қарашада Ерасылдың тамағы ауырып, қатты ыстығы көтерілген деп хабарлайды Мой город.

Ерасылдың әкесі Мұрат Арғыновтың айтуынша, бала қатты ауырған соң бірден жедел жәрдем шақыртқан. Олар бала мен ананы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына апарып, емделуге қалдырған.

-28 қарашада әйелім дәрігерге баланың ұзақ бойы кіші дәретке отырмағанын айтқан. Артынан палатаға медбике келіп, бір укол салып кеткен. Оның  фурасемид деген зәр айдайтын дәрі екенін кейін білдік. Бірақ ол туралы журналға жазылмаған. Тіпті, дәрігердің көрсетілімінде де жоқ. Сол екпеден кейін балам әлсізденіп кеткен. Ол екі тәулік бойы қозғалыссыз жатып қалды. Әйтпесе оғанға дейін еті тірі бала болған, – дейді Мұрат Арғынов.

Баланың әкесі артынан дәрігерге барып, жағдайды айтқан. Сол кезде  кезекші дәрігер балаға система қойып, оның халі түзелген болатын. Сөйтіп, 2 желтоқсанда баланы ауруханадан шығарылады. Алайда 5 желтоқсанда бала мазасызданып, терлей бастаған соң ата-анасы қайтадан жедел жәрдем шақырады. Бала мен ана бірден ауруханаға жатқызылды. Содан 6 желтоқсанда таңғы сағат 10-да бала қайтыс болады.

Мұрат Арғыновтың айтуынша, баланың жылауына қарамастан анасынан екі жарым сағатқа алып кеткен. Артына әр дәрігер әр түрліше диагноз қойған. Бірі – вирустық инфекция десе, енді бірі – ішек инфекциясы, келесісі – азқазан-ішектің қабынуы деген.  “Ауруханаға бірінші рет келгенімізде дәрігерлер баланы дұрыс қарамады. Әйтеуір, баланың диагнозын түртіп қоя салды. Енді дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағандықтан баламнан айрылдым. Сол дәрігерлер жауап беруі керек. Бұл баламызды 4 жыл күткенбіз. Ол туғанда дін-аман болған”, – дейді ол.

Азамат осы іс бойынша Орал қаласының Ішкі Істер Басқармасына арызын жазып қойған.

Орал қаласының Денсаулық сақтау басқармасы балаға азқазан-ішектің қабынуы деген диагноз  қойылып, оның инфекциялық уланудан шок алып, қайтыс болғанын хабарлады.

Қазір бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК 317 бап “Медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы” бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Untitled-7

Талқылау