Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда әкесі қызы үшін бүйрегін беруге дайын

Қызда әр 6 сағат сайын арнайы сұйықтық жіберіліп тұратын жасанды бүйрек орналастырылған. Бұл диализ деп аталады. Қызының толыққанды өмір сүріп, қиындықтан құтқару үшін әкесі оған өз бүйрегін беремін деп шешкен.

1234

Бұл туралы theopenasia.net хабарлайды.

“Біз бұл отбасыға қаржылық тұрғыдан көмектескіміз келеді. Біздің аудандық мәслихат, мұғалімдер, дәрігерлер керекті қарежетті жинастырып жатыр. Дүйсенбіге дейін нәтиже болып қалады деп ойлаймыз”, – дейді аудандық жастармен жұмыс атқаратын орталық жетекшісі Нұржан Ешмұратов.

Дүйсембаевтар отбасы операцияға арнайы құжат рәсімдейтін күнді асыға тосып отыр.

Альбина өзінің ауруы үш жыл бұрын басталғанын айтты. 2013 жылы ақпанда қыз денешынықтыру сабағында ауырып, талып қалады. Кешкілік әкесі қызының аяқтары ісе бастағанын байқайды. Таңертең ісіну тіпті үлкейіп, Альбинаның дене температурасы көтеріліп кетеді. Сол уақыттан бастап қыздың аяғы, беті, денесі ісініп кетеді.

5454

“Әр екі ай сайын қызым анализ тапсырып, облыстық ауруханада жатты. Ол ұялмас үшін тіпті арнайы палата да сұрадым. Сол үшін шу да көтерілді”, – дейді Мырзағали.

Мырзағали балаларын 2009 жылы әйелімен ажырасып кеткеннен кейін, өзі өсіріп келеді. Аналары араққа құмар болғандықтан, балалары әкесімен қалуды жөн деп санапты. Әйел арасында ауылдан бұларға келіп тұрады екен. Кейін балаларына басқа ана әкелгісі келгенімен, Мырзағали қалаған нәзік жандыны балалары аса қабылдай қоймаған. Содан бері отбасында әкенің де, ананың да рөлін өзі атқарып келе жатыр.

“Үй шаруасында балаларым маған көмектеседі. Басында тамақты да, нанды да өзім істейтінмін. Қазір балаларым интернеттен қызықты рецепті тауып алып, соларды пісіріп жатады. Ал Альбина болса биыл мектепті бітіреді. Ол Орал медициналық колледжіне түсіп, дәрігер атанғысы келеді.

“Былтыр ғана маған қатты ауыр тиді. Бұл жасанды бүйректі салып, ішімді тіккен кезде ғана болатын. Ал қалған ауырсынуларға шыдауға болады”, – дейді Альбина.

“Міне, осы аппараттың кесірінен қызым толықтай қозғала алмайды. Әр 6 саған сайын біз оған ішастарлық диализ жасаймыз. Көшеде жүріп, мектепке бара алмайды. Егер салқын тигізіп алатын болса, дереу температура көтеріліп кетеді. Мұғалімдер өздері келіп сабақ оқытады. Қызыма қарап отырып, уайымдаймын. Жап-жас, бірақ, барлық өмірі төрт қабырғада өтіп жатыр”, – дейді әкесі.

7878

Былтыр олар интернет арқылы Ақтөбеден бүйрегін беретін донор тапқан. Бірақ, олар тым қымбат, яғни, 50 мың доллар сұрапты. Өкінішке орай, Дүйсембаевтар осыншама ақшаны қайдан табарларын білмей отыр. Ал егер Мырзағалидың өзі бүйрегін беретін болса, онда мүгедектер қатарына қосылуға тура келеді.

“Дәрігер егер, мен бүйрегімді қызыма беретін болсам бұрынғыдай өмір сүріп, жұмыс істей алмайтынымды айтты. Менің мамандығым құрылысшы. 2010 жылдан бері жеке кәсіпкер болып жұмыс істеймін. Мен тек біреуге тапсырма бермей, өзім де жұмыс істеймін. Қаржы табу үшін, былтыр монша құрылысын бастағанмын. Бүйрегімді қызыма берсем, өзім моншаға келгендерден ақша жинап ғана отырармын деп ойлағанмын. Біраз, жаздан бері Альбина қатты ауырып, бар ақшамызды ауруханаға жұмсадық та, моншаға жетпей қалды”, – дейді әкесі Мырзағали.

Балаларының үлкені Алтынбек Саратов университетінде инженер мамандығын игеріп, қазір өзі ақша тауып жүр. Ал Асқарбек мектепте оқиды, туристік альпинизм спорт түрімен жаттығады.

Ал қазіргі таңда Альбинаның денсаулығын жақсарту үшін, 17 миллион теңге қажет. Дүйсембаевтар отбасы қазір барынша талпынғанымен, осыншама ірі көлемдегі ақшаның ширегіне де қол жеткізе алмай отыр. Егер Альбина және Мырзағали Дүйсембаевтарға көмектескілеріңіз келсе, 8 777 061 7502, 8 702 723 4511 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Талқылау