Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 89 жастағы зейнеткер 57 жыл көрмеген ұлын іздеуде

Оралда 89 жастағы ардагер Александр Дзюбан 57 жыл көрмеген Евгений есімді ұлын іздеуде.

Оралда 89 жастағы зейнеткер 57 жыл көрмеген ұлын іздеуде

Бұл туралы “Мой город” порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Зейнеткердің айтуынша, ол 1956 жылы оңтүстік Сахалиндегі Чехов қаласында әйелі екеуі ұлды болған. Бірақ, белгісіз себептермен оның әйелі мен ұлы Өскеменге тұруға кетсе, отағасы Оралдан шыққан. Қазір зейнеткер «Малиновый сад» саяжай қоғамында екінші некедегі ұлымен бірге тұрады. Дегенмен, тоқсанға таяған ардагер 57 жыл көрмеген ұлы Евгенийді тапқысы келеді.

«Жақында ол байланысқа шықты. Бірақ біз сөйлесе алмадық, байланыс үзіліп кетті. Мен ұлымды тауып, онымен кездескім келеді. Ұлымнан немесе оны танитындырдан менімен хабарласуларын сұраймын», – дейді зейнеткер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау