Оралда 5 жасар баланы өлтіргені үшін анасы күдіктелуде

Оралдың жергілікті тұрғыны 5 жасар қызын өлтірді деп күдіктелуде. Бұл туралы Мой Город басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Айару есімді қыз 12 желтоқсан күні қайтыс болған. Баланың әжесі оның бір апта бойы ауырғанын, мектепке бармағанын айтып берді.

“Үйде емдедік. Сосын оның жағдайы жақсарып, бір күнге мектепке барып қайтты. Сол күні мен азанда жұмысқа кетіп қалдым. Қызым немереммен үйде қалды. Сосын маған хабараласып, Айарудың денсаулығы нашарлап кеткенін айтты. Такси ұстап, үйге келдім. Жолда қызыммен хабарласып, оған массаж жасауын сұрадым. Келгенімде Айару қайтыс болып кетті”, — дейді әжесі Әсемгүл.

Әйелдің сөзінше, дәрігерлер оны тірілту амалдарын жасаған. Бірақ одан ешнәрсе өзгермеген.

“Полиция келді. Тексерістен қызды тұншықтырғаны белгілі болды. Енді анасы күдіктеліп отыр. Қазір ол қаладағы бөлімшеде. Мен бұған сенбеймін. Менің қызым ондайға бармайды. Айару осыған дейін ауырып жүрді ғой. Мүмкін, тынысы тоқтаған шығар. Мүмкін, ол қанына қақалып қалған шығар. Немеремнің әкесі жоқ. Қызым Айаруды өзі үшін туып алған. Мен оны сәби кезінен өзім өсірдім, бақтым”, — дейді қайтыс болған қыздың әжесі.

Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 12 желтоқсан күні жедел жәрдем станциясына шақырту түскенін растады.

“Баланың тынысы тарылған. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болған”, — деді басқармадағылар.

Батыс Қазақстан облысындағы полиция департаменті 12 желтоқсан күні кішкентай қыздың мәйіті табылғанын растады. Факт негізінде “Адам өлтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр