Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 4-сынып оқушысы көліктерді бұзып, ашқа ұрлап келген

Бүлдіршін ұсталған күні екі сағаттың ішінде екі көлікті тонап үлгерген. Полицейлердің мәліметінше, ол көлікті кілт таңдап алу жолымен ашып алған. Жастығына қарамастан 11 жасар бала ұры ретінде есепте тұр. Ол көліктен ақшасы бар портмонелерді тонап келген.

1458202991_201977cdc3b1c12c28159c2c9b16947e

Бұл туралы Мой город хабарлайды.

4-сынып оқушысы көбіне көлік салонында қалған портмонелердің ұрлаған.

«Жедел іздестіру шарасы барысында 11 жасар қала тұрғыны ұсталды. 4-сынып оқушысы өз кінәсін мойындағанымен кәмілет жасқа толмағандықтан оны қылмыстық жауапкершілікке тарта алмаймыз», – дейді Орал қаласының ІІБ-ның жетекші маманы Айнұр Дәулетова.

Полицейлер 5 минуттан соң тағы 27 жастағы ұрыны қолға түсірген. Ол көшеде кетіп бара жатқан әжейдің алтын алқасын жұлып алып қашып кеткен. Полицейлер жедел іздестіру арқылы камераға түсіп қалған ұрыны тауып алған.

Талқылау