Оралда әйел адамды басынан пышақтап өлтірген төрт күдікті ұсталды

Орал қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері 33 жастағы азаматшаның өліміне қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға 18 қаңтар күні кешкісін орын алған. Сағат 21.00 шамасында 5517 әскери бөлімнің Ақниет Нәсіпқалиев, Зиятжан Юнусметов, Мереке Қасымханов есімді қатардағы жауынгерлері бар тобы 4-шағынауданда №9 үйдің жертөлесінен қатты шығып жатқан дауыстарды естіп, төменге түседі. Сол жерден беті қанға боялған қыздың мүрдесін, асүй пышағын және төрт адамды көреді. Сол бойда топ басшысы А.Нәсіпқалиев полиция қызметкерлерін оқиға орнына шақырады.

33 жастағы әйелдің өліміне қатысты төрт күдіктінің бәрі де ұсталып, тәртіп сақшыларына тапсырылды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Астанада дүкенде сатушының телефонын ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды (видео)

Қазақстанда жоғары оқу орнын тәмамдағандар ғана ұрығын тапсыра алады

Оралда келіншек аяз салдарынан автокөлік ішінде босанып қалды

Атай жылап жіберді: Автобус жүргізушілерінің әрекеті алматылықтарды ашуландырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар