Оралда 15 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті

Орал қаласының аумағына кіретін Желаево кентінде 15 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті.

 Оралда 15 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, сағат 11: 54-те жедел жәрдем станциясына қоңырау келіп түскен. Дәрігерлер оқиға орнына сағат 12.00-де жеткен. 2003 жылы туылған жасөспірімнің бас сүйек негізі сынып, ашық ми жарақатын алған.

Жәбірленуші қаланың көп салалы ауруханасына жеткізілді. Науқастың денсаулығына қатысты балалар урологымен, хирургпен, анестезиологпен, кардиологпен кеңес жүргізіліп, жасөспірімге медициналық көмек көрсетілген.

«Бала әкесімен бірге келе жатқан.  Олар үнемі жылдамдықты асырып, ұшып бара жатқандай айдайды. Бұл бірінші рет болып тұрған жоқ. Тіпті дүкенге барудың өзі қорқынышты», – деді Желаево кентінің тұрғыны.

Қазір оқыс-оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы оқыңыз: 

Астанадағы батут оқиғасы: Исекешев кінәлі адамдарды жазалауға уәде берді

Атырауда 30 жастағы әйел көпірден секіріп кетпекші болды

ШҚО-да тоңазытқыштан шыққан өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды

Алматыда өрттен үш бала құтқарылды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар