Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 14 жастағы оқушы өзінің құрдасын атып жіберді

Оралда үш жасөспірім балық аулауға барып, сол жерде 14 жасар оқушы өзінің құрдасын атып жіберген.

Бұл туралы mgorod.kz басылымы хабарлайды.

Оқыс оқиға 20 қазан күні сағат кешкі алты шамасында Дерқұл поселкесінде болған. Жасөспірімдер балық аулауға барып, сол жерде оқыс оқиға орын алған. 14 жасар оқушылардың бірі өзінің құрдасын атып жіберген.

Аға инспектор Динара Әбдүлкәлікова жасөспірімнің өліміне 14 жасар оқушының айыпталып отырғанын жеткізді. “Екі бала да 2003 жылы дүниеге келген. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды”, – дейді аға инспектор.

Марқұм оқушы да, күдікті де №12 мектептің оқушылары екен. Мектеп директоры 20 қазан күні екі оқушының да мектепте болғандарын айтады. “Сабақтан кейін үшеуі сұранып өзенге балық аулауға кеткен болатын. Араларында не болғаны белгісіз. Ұстаздары екі оқушының да тәртіпті екендерін айтады”, – дейді мектеп директоры.

Оқ салдарынан жасөспірім облыстық ауруханада көз жұмды.


Жіберіп алмаңыз:

Әйел бет тазарту процедурасынан кейін көз жұмды

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

Ақтөбеде зорлаушыдан қашқан 21 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Талқылау