Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 10 айлық нәресте сорпаға күйіп қалды

Оқиға 18 сәуір күні түнде болған. БҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар травматологы Марат Жұмабаевтың айтуынша, сәби ата-анасының қарауынсыз жүріп, қазандағы ыстық сорпаны үстіне құйып алған.

image20951095

Сурет: bloknot-volgograd.ru 

Бұл туралы Мой город хабарлайды.

«Ата-анасы баласын қараусыз қалдырған. Қазір бала жансақтау бөлімінде әрең дем алып жатыр. Мені ата-аналардың салғырттығы үшін ешқандай қылмыстық, әкімшілік жауапқа тартылмайтыны алаңдатады. Біз тек жарақаты жайлы жазып береміз. Көп балалар үй жағдайында жарақат алып жатады», – дейді марат Жұмабаев.

Сондай-ақ, дәрігер полицейлерден балаларының қауіпсіздігіне салғырт қарайтын ата-аналарға айыппұл салуды ұсынады.

Марат Жұмабаевтың айтуынша, балалардың жарақат алуы жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2015 жылы осыған ұқсас 8404 оқиға тіркелген.

БҚО  ІІД жергілікті полиция бөлімшесінің ұйымдастыру және бақылау инспекторы Гаухар Қараменованың айтуынша, міндетін тиісінше атқармаған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Сәбидің қазанды үстіне аударып, ыстық сорпаға күйгені үшін анасын жауапқа тарпайды. Біз көшеде құлап қалған барлық баланың ата-анасын жауапқа тарта алмаймыз ғой. Заң бойынша «Баланы қауіпті жерде қалдыру» және «Бала тәрбиесіне қатысты ата-анасының не заң жүзінде атқару тиіс адамдардың міндетін орындамауы» деген екі бап бар. Ол бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15 күнге қамауға алынады.

Талқылау