Орал тұрғындары үйдің балконынан қарап тұрған аюды көріп шошыды (видео)

Орал тұрғындары пәтердің балконынан қашуға ұмтылған аюды көріп шошыды. Балкондағы қонжықтың видеосы желіге тарап кетті. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орал тұрғындары пәтердің балконынан қашуға ұмтылған аюды көріп шошыды. Балкондағы қонжықтың видеосы желіге тарап кетті. Тұрғындар көпқабатты үйдің балконындағы жыртқыш баласын көріп таңғалды. Бұл сәтті видеоға түсіріп жариялады. Видеодан қонжықтың далаға қашып құтылуға ұмтылғанын көруге болады. Желі қолданушылары жыртқышты үйінде асыраған үй иелерін айыптады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, бұл факт расталды. "Үй иесі М. Таласпаева аюдың құжаттарының бәрін көрсетті. Ол аюдың баласын 2019 жылдың мамырында Ресейдің Уфа қаласынан сатып алғанын айтты. Аюды циркке қатыстыру мақсатында сатып алған. Орал қаласында акклиматизациядан өткізу үшін бір күн түнеген. Дүкенге шығып кеткенде жыртқыш балконнан қашуға ұмтылған. Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың жоқтығын ескере отырып, материал рәсімдік шешімсіз қалды және номенклатуралық істе сақтау үшін есептен шығарылды", - деді Сәкен Ділдахмет желідегі парақшасында.

Публикация от Stan.kz қызықтың көкесі осында (@_stan.kz)

Тұрғындар көпқабатты үйдің балконындағы жыртқыш баласын көріп таңғалды. Бұл сәтті видеоға түсіріп жариялады. Видеодан қонжықтың далаға қашып құтылуға ұмтылғанын көруге болады. 

Желі қолданушылары жыртқышты үйінде асыраған үй иелерін айыптады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, бұл факт расталды.

"Үй иесі М. Таласпаева аюдың құжаттарының бәрін көрсетті. Ол аюдың баласын 2019 жылдың мамырында Ресейдің Уфа қаласынан сатып алғанын айтты. Аюды циркке қатыстыру мақсатында сатып алған. Орал қаласында акклиматизациядан өткізу үшін бір күн түнеген. Дүкенге шығып кеткенде жыртқыш балконнан қашуға ұмтылған. Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың жоқтығын ескере отырып, материал рәсімдік шешімсіз қалды және номенклатуралық істе сақтау үшін есептен шығарылды", - деді Сәкен Ділдахмет желідегі парақшасында. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр