Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны велосипедпен «ЭКСПО – 2017» көрмесіне бет алды

Орал қаласының тұрғыны Әбдімәжит Қарабаев велосипедіне мініп, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайту үшін Астанаға жолға шықты.

Velosipedist-2

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды.

Велосипедші Тараз қаласында туып-өскен. Отбасы жағдайына байланысты 5 жыл бұрын Оралға көшіп келген. Табиғатты тамашалап, велосипедпен серуендегенді ұнатады. Тынбай еңбектеніп, өзінің арманын жүзеге асыру үшін осыдан екі жыл бұрын 350 мың теңгеге спорттық велосипед сатып алған.

100 мың теңгеге жолға қажетті құралдарды алып, Қазақстанның жеті бірдей облысын аралаған. Осылайша Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Астана, Алматы, Қарағанды және Тараз қалаларына барып қайтқан Әбдімәжит мырза енді Астана қаласына тағы да бір рет бармақ.

«Оралдан 3 маусым күні шығып едім. Қазір Қостанай жақтамын. Жолшыбай мейманхана емес, табиғат аясында шатырға қонып жүрмін. Бәрі жақсы, тек қатты жел кедергі келтіріп жатыр. Әйтеуір, Астанаға тезірек жетсем деп кетіп барамын», – дейді ол. Ол алдағы уақытта Армения, Грузия және Әзірбайжан елдерін араламақ.


Жіберіп алмаңыз:

Өзбек түрмесінде қамауда жатқан отандасымыздың атын жамылып алаяқтар ақша жинап жүр

Экспо кезінде еріктілер фаст-фудпен тамақтанбақ

Алматы облысында жалған ақша жасағандар ұсталды

Шымкентте Шанхай-Тауэр және Шымкент-Тауэр деп аталатын екі көкпен таласқан зәулім үй салынбақ

Талқылау