Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Орал тұрғыны көмекке мұқтаж жандарға киім-кешек пен аяқ киімдерді тегін таратып келеді

Орал тұрғыны Алексей Шустов 6 жылдан бері көпбалалы отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға көмек беріп келеді.

Бірнеше әйел жертөлеге келіп, қажетті киімдерді пакетке салып алып кетіп жатты. Олардан киім алуға жиі келесіздер ме деп сұрадық, деп жазады Уральская неделья. 

“Менің 4 балам бар, күйеуім ауырып жатыр. Бірнеше рет келіп, киім алдым. Жалғыз өзім жұмыс істеймін. Қиынға соғып тұр. Балалар тез өседі, киімі тура келмей қалады. Жаз айында келгем. Енді қысты келіп тұрмын”, – дейді Айгүл есімді көпбалалы ана.

“Мен бірінші рет келдім. Әлеуметтік желіден Алексей жайлы естідім. Балаларыма джинсы шалбар мен кофталар алдым. Үш баламбар. Жалғыз өсіріп жатырмын. Өзге де әйелдермен таныстым. Бәрімізге де оңай емес. Алексейге размет. Ол секілді адамдар қазір аз”, – дейді Светлана Ермакова.

Алексей өзі жайлы сұрағанда қымсынып, жауап беруден ұялады.

“Неге бұлай екенін өзім де білмеймін. Адамдарғ көмектесу керек деген ұстанымым бар. Өзімде ақша көп пе, жоқ па ол маңызды емес. Бір адамға болса да көмектесудің жолы табылады. Бос ғимарат таптым. Ол жерге адамдар киім-кешек, азық-түлік әкеп тастайды. Оны мұқтаж жандер келіп алады”, – дейді Алексей.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр