Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны әйелін оқтаумен сабап өлтірді

БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты азаматтық әйелін өлтірген Марат Жұмағалиевке қатысты үкім шығарды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі “Мой город” порталына сілтеме  жасап.

Орал тұрғыны әйелін оқтаумен сабап өлтірді

ҚР Қылмыстық кодексінің «жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу» бабына сәйкес Марат Жұмағалиев кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзіне тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Соттың ақпараты бойынша, оқиға 13 шілдеде болған. Сол күні жұмыстан мас күйінде үйіне оралған Жұмағалиевты сол сияқты күйде отырған азаматтық некедегі әйелі күтіп алды. Ішімдікке мас болған күйеуі мен әйелінің арасында жанжал орын алды.

Айыпталушы сонда 8 жасар қызын көшеге жіберіп, әйелінің жағынан алақанымен ұрып, артынша оқтаумен сабаған. Ол әйелдің басына 10 соққы тигізді. Алайда, әйелінің басынан аққан қанды көрген қаныпезер жұбайын соққыға жыққан соң үйден кетіп қалған. Ал біраз уақыттан кейін әйел жабық бас жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау