Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал-Саратов жолында «Лексус» пен «Тойота Прадо» соқтығысып, екі адам көз жұмды

Бейсенбі күні Орал-Саратов тас жолында “Лексус” маркалы автокөлігі тізгіндеген 1989 жылы туылған жүргізуші рулге ие бола алмай ірі жол апатына себепкер болған. Ол қарсы бетке шығып кетіп, “Тойота Прадо” автокөлігімен соқтығысқан.

15391-6-skoraya_pomosh_budet_r_ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды

Қарсы бетте келе жатқан “Тойота Прадо” көлігінің рөлінде 1974 жылы туылған азамат болған. БҚО Ішкі істер департаменті таратқан мәлімет бойынша, “Лексус” автокөлігінің қос бірдей жолаушысы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада көз жұмды. Ал екі көліктің жүргізушілері әртүрлі жарақатпен сол облыстық ауруханаға жатқызылды.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары екі адамның өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы мен көлік құралдарын пайдалану ережесінің бұылуы бойынша, ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес өткізілуде.

Еске сала кетсек, өңірде сол күні қар толассыз жауып, жел қатты соғып боран болған еді.

Талқылау