Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал базарындағы етті құстардың шоқып жеп жатқаны тұрғындарды шошытты

Оралдағы «Мирлан» базарында етке құстар қонып, қалағанынша шоқып жей береді. Осы жөнінде Мой ГОРОД порталының редакциясына қала тұрғыны хабарласып, базардан көргенін айтып берді.

myaso

Оның айтуынша, қоқыс арасында да жүре беретін құстар базарда сатылып жатқан етке қонып, шоқып жей береді.

«Сосын осы етті біз сатып аламыз. Бағасы да арзан емес. Келісін 1500-1600 теңгеге аламыз. Ал, тазалық мүлде сақталмалмайды. Санитарлы-эпидемиологиялық станса қайда қарап отыр?», – дейді наразыланған тұрғын.

Бірнеше рет «Мирлан» базарының әкімшілігіне хабарласып көрдік. Алайда, ондағылар жетекшінің демалыста екенін, 1 сәуірден бастап жұмысқа шығатынын айтты.

Талқылау