Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Орал-Атырау» тас жолындағы апаттан ер адам аман қалды

Батыс Қазақстан облысында ірі жол апатынан бес адам ажал құшты. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлайды.

Безымянный

Оқиға «Орал-Атырау» тас жолының 210 шақырымында, Ақжайық ауданы Ақбұлақ кентіне жақын маңда орын алған.

25 қыркүйек күні кешкі сегіздер шамасында «Mercedes» көлігі мен «ГАЗель» шағын автобусы соқтығысқан.

«Апат салдарынан екі көлік те отқа оранды. Жеңіл көлікте отырған үш жолаушы мен екі жүргізуші қаза тапты», -дейді БҚО ТЖД баспасөз хатшысы Бибігүл Нұрмұханова.

Денсаулық сақтау басқармасынан атап өткендей, апаттан бір адам аман қалған.

49, 45, 41 жастағы ер адамдар мен 25 жастағы жігіт, сондай-ақ 49 жастағы әйел мерт болды.

«Шағын автобусты ер адам, ал жеңіл көлікті әйел жүргізген. Кеуде тұсына зақым келген ер адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерге қаралғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартты», – деп атап өтті БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматова.

Куәгерлердің айтуынша, «Mercedes» көлігі Оралға бет алған. Жүргізуші мен жолаушылар үйлену тойынан келе жатыпты.

Жіберіп алмаңыз:

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Семейлік жалған айтып қайтыс болған сыңарының атындағы мүлікті өзіне аударып алған

Оралда белгісіз біреулер танымал кәсіпкердің жүргізушісін тамағынан бауыздап кеткен

Талқылау