1,5 келі бекіре балығын жасырған жолсерік 2 жылға сотталуы мүмкін

Жұма, 11 Желтоқсан , 2015 14:57

Орал шекара жасағының «Шыңғырлау теміржол» көліктік бақылау бөлімшесінде шекара наряды бүгін түнде сағат 02.30-да «Орал-Астана» бағыты бойынша, Ресейдің Орынбор аймағын басып өтетін № 058 пойыздағы вагондардың бірінің жолсерігі болып жұмыс істейтін 61 жастағы Қатауов Суықбай есімді азаматты ұстады.

Жолсеріктің ұсталуына жабық тамбурдың қалташасында тығылған қораптағы жалпы салмағы 15 келі болатын 3 дана бекіре балығы және 500 грамм қара уылдырық себеп болған.

Егер аталмыш азаматтың бұл табылған қорапқа қатысы барлығы анықталса, ҚР Қылмыс кодексінің 335 бабының 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, 2000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлға немесе осы көлемдегі түзету жұмыстарына, немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеуге, немесе осындай мерзімге бас бостандығынан айыруға кесілуі мүмкін.
Күдікті айғақтық заттармен бірге Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы бойынша ішкі істер бөліміне тапсырылатын болады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар