Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал әкімдігі митингіге шыққандарға 21 мамырға дейін жауап беруге уәде етті

Бүгін, 4 мамыр күні Оралдың Абай алаңына 100-ге жуық адам жиналып, жерді шетелдіктерге сатуға қарсы митингіге шықты.

mirni-mitint1-4

Бұл туралы Мой город хабарлайды.

БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетовтың айтуынша, олардың шу шығаруына әкімнің  егістікті туыстары мен таныстарына таратып, өз иелерін бермей жатыр деген сыбыс себеп болған.

mirni-mitint1-1

«Жерді шетелдіктерге жалға беру туралы заң осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған. Ол кезде 10 жылға деп белгіленген еді. Енді 10 жыл ішінде жер игеріліп үлгермейтіндіктен оны 25 жылға деп созды. Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек ерекшелігі жерді қазақстандықтарға аукцион арқылы сатады. Енді жерді әкімнің туыстарына береді деген сыбыс шығып, осындай шу шығып кетті», – дейді Мырзағали Мұхамбетов.

«Біз алаңға облыс әкімшілігіне туған жерімізді жалға бермеу үшін, әсіресе қытайларға сатылмасын дегенді айту үшін шықтық. Ата-бабамыздан қалған жер әркімге сатылатын болса, ертең ұрпағымызға не қалдырамыз? Біздің басты талабымыз – жерімізді Қытайға жалға бермеу. Өз жеріміздің иесі өзімізбіз. Мұнда өзіміз де жұмыс істей аламыз», – деп күйінеді Орал тұрғыны Ғайса Исенғазиев.

Полицейлердің оларды ұстап, алаңға ешкімді жібермей қойғандары да митингіге шыққандардың шабына тиген.

Ақырында, облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов митингіге шыққандарға құқық орғау органдары тарапынан ешқандай қудалау болмайтынын және олардың талабына 21 мамырға дейін жауап беретінін айтты.

 

Талқылау