Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Опера әншісі Рымкеш Жұмаділова өмірден озды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Рымкеш Жұмаділова өмірден озды. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасында оқытушы болып қызмет еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рымкеш Жұмаділова 1957 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қарамеңді ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Ол Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрында әнші және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаз болған.
Талқылау