Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Опасыздық жасағанына өкінген Аршавин бұрынғы әйелімен қосылғысы келіп жүр

“Қайрат” командасының футболшысы Андрей Аршавин әйеліне опасыздық жасағаны үшін өкінетінін айтты. Спортшы Алиса Казьминамен айырылысудың өзі үшін ауыр болғанын жасырмады.

Десе де, “Казанова” Алисадан кешірім сұрап, отбасына қайта оралуды жоспарлап жүргенін жасырмады. Өзі, тіпті, ресми ажырасудан бас тартқан. Мұнымен қатар, Аршавин қызы Есене мен Казьминаның бірінші некесінен туған балаларды қатты сағынғанын жеткізді.

Енді ол отбасымен бірге болу үшін Санкт-Петербургке ұшпақ. Алисаның өзі де Аршавиннің қайтып оралуына қарсы емес сияқты. Мысалы, ол өзінің Instagram парақшасына Аршавиннің суретін салып, оны жақсы көретінін тұсына жазып қойған.

“Менің сүйікті күйеуім. Жыл сайын жақсарып жатқаның байқалады. Кішкентай бала емессің. Тамаша күйеу және мейірімді әке. Мәңгілік өзіңмен бірге”, – деп жазады Алиса күйеуінің суретінің тұсына.

Соңғы ойында Аршавин қарсыластарының қақпасына гол соққан болатын. Әйелі оның осы чемпионат кезінде түскен суретін желіге жүктеп, тұсына “рахмет” деп жазып қойған екен.


Жіберіп алмаңыз:

25 жастағы футболшы алаңда ойнап жүрген жерінде көз жұмды

Қарағанды тұрғыны “тәжіктер ұйымының” теракт жасамақ болып жатқанын мәлімдеді

Туберкулезбен ауырған мұғалімге қатысты жанжал: Бәріне лаборант-рентгенолог кінәлі болып шықты

Астанада туған сәбидің есімін ЭКСПО-ның құрметіне қойды

Талқылау