«Оның жұлдызы ешқашан сөнбейді»: Димаш Құдайберген Денис Тенмен достығы туралы айтты
Астанаға келген Димаш Құдайберген бірінші болып Денис Тенге арналған көрмеге барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Денис Тен – қазақ халқының ешқашан сөнбейтін жұлдызы. Кеше Астанаға ұшып келдім, бірден Денис Тенге арналған көрменің ұйымдастырушыларына алғысымды білдіргім келді. Әрине мен бәрін еске алу үшін жалғыз бардым. Денисті артығымен мақтайды. Егер сіздер оны спортшы ретінде танысаңыздар, мен оны нағыз дос ретінде білетінмін», – деп айтты Димаш.
Димаштың айтуынша, Денис әрдайым қарапайым болған. «Біз бұрындары да таныс болатынбыз. Бірақ достығымыз соңғы жылдары нығайды. Денистің қарапайымдылығы ұнайтын. Бір түні студияда отырып қалжыңдасқанбыз. Өздеріңіз білесіздер, биіктерге жеткен адамдар өздерін жұлдыз санап, соны көрсеткілері келеді. Ал Денисте мұндай ешқашан болған емес. Біз тіпті «Олимпиада жүлдегері қалайша бізбен асханаға барып тамақтанады?» деп қалжыңдайтынбыз. Біз қарапайым асханаға бара алатынбыз. Бұл Денистің қарапайым, әрі ашық жан екенін көрсетеді», – деп қосты ол.
Денис Теннің Қазақстанның спорт саласына үлкен үлес қосқанын атаған Димаш оны еліміздің мақтанышы дейді. «Қазақстанның туын көтеру үшін бәрін істеген азамат. Ондай адамдар өте аз. Мәнерлер сырғанауда оған дейін Қазақстан атынан ешкім болған емес. Бұрын соңды шықпаған белестерге шықты. Қазақстандықтардың да мәнерлеп сырғанауда жетістікке жете алатынын дәлелдегісі келді. Сол үшін ол көп жылдар бойы шет елдерде жаттығып, тәжірибесімен отандасарымен бөлісу үшін білім сол жақтардан білім алды. Жас ұрпаққа өзінің өнерін мұра қылып қалдыру – оның арманы еді», – дейді Димаш.
Сөз соңында Денис екеуі үлкен концертте бірге ән шырқауды жоспарлағандарын айтқан әнші сол арманын Лондонда өтетін кеште орындап, Дениске арнап «SOS d’un terrien» әнін шырқайтынын мәлімдеді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.