Онымен болғым келеді: Оқушы қыз сабақтан кейін өзімен төсектес болып жүрген отбасылы мұғалімін жақтап шықты

АҚШ-тың Мичиган штатында 17 жастағы оқушы қыз өзімен төсектес болып жүрген отбасылы мұғалімін жақтап шықты. Ол мұғалімінің өзін жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлемегенін, екеуінің арасындағы қарым-қатынас өзара келісім бойынша болғанын айтты.

Оқушы қыз сабақтан кейін өзімен төсектес болып жүрген отбасылы мұғалімін жақтап шықты

Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, оқушы қыз мұғалімі Тайлер Миллуордқа өзімен кездесуге салынған тыйымды алып тастауды сұрады.

«Ол маған қоқан-лоқы көрсетіп, ренжіткен емес. Өтірік айтуымды сұраған да жоқ. Сонымен қатар мені өз еркімнен тыс ешқандай әрекетке мәжбүрлемеді. Мен онымен болғым келеді», – дейді оқушы қыз.

29 жастағы Тайлер Мичигандағы орта мектепте мұғалім болған. Алайда мектепте оның оқушымен қарым-қатынасына қатысты дау туындағаннан кейін, мектеп басшылығы оны бірден жұмысынан босатыпты.

Оқушы қыз сабақтан кейін өзімен төсектес болып жүрген отбасылы мұғалімін жақтап шықты

Ал полиция мұғалімді оқушы қыздың пәтерінен ұстады. Анықталғандай, оқушы 16 жасынан бері мұғаліммен жыныстық қатынасқа түсіп келген.

Мұғалім биылғы жылдың сәуір айында әйелімен ұрысып қалып, қол көтергені үшін сот алдында жауап беруі тиіс болған. Ендігі ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал Тайлердің қорғаушысы оның болған жағдайлардың бәрін ой елегінен өткізгенін және ендігі ешкімге қауіп төндірмейтінін айтты.

«Миллоурд өзін дамытып, алға қарай жылжуды ойлайтын құрметті азамат», – дейді қорғаушы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар