Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстіктен 10 мың отбасы Қостанай облысына көшірілетін болды

Қостанай облыстық ішкі істер департаментінде халықаралық көші-қон ұйымы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Облыстық ІІД миграциялық қызмет басқармасының басшысы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, 2017-2021 жылдарға арналған жаңа миграциялық тұжырымдамаға сәйкес ішкі миграцияға ерекше көңіл бөлініп отыр.

“Тұжырымдаманың басты мақсаты жұмыс күшін орналастырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды және ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз ету тұрғысынан тепе-теңдік орнату”, – деді Дүтпаев.

Миграция бойынша халықаралық ұйымның ұлттық үйлестірушісі Әлия Белоносованың айтуынша, олар Қостанайға кездейсоқ келмеген. Бұл өңірде 2018 жылдан бастап оңтүстіктен келген 10 мың отбасы қоныстандырылмақ.

“Ішкі миграция өскен сайын, экономика да арта түседі. Қазақстанда ішкі миграция деңгейі 5 пайызды ғана құрайды. Сол себепті оңтүстіктен солтүстікке отбасылар көшіру туралы шешім қабылданды”, – деді Миграция бойынша халықаралық ұйымның аға қызметкері Жұмажан Жолдасбеков.

Тұжырымдаманың екінші бағыты – этникалық миграция болса, үшінші бағыты – сыртқы миграция. Ал төртіншісі – кадрларды елде сақтап қалу мәселесі.

Жаңа тұжырымдама ішкі миграциямен қатар – адам саудасы секілді қылмыспен де күресуге мүмкіндік бермек.

Тағы да оқыңыз:

Таңға дейін қонақүйде бірге болды: “Хан Шатыр аруы-2017” байқауының қатысушысы дау болған видеоны түсіндірді

Pussycat Dolls тобының әншісі топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Талқылау