Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте көпбалалы аналар әкімдікке басып кірмек болды

Оңтүстік Қазақстанда тиісті жәрдемақысын дер кезінде ала алмай, жұмыссыз әрі үйсіз-күйсіз жүрген көпбалалы аналар әкімдіктің алдында наразылық білдірді. Аш-жалаңашпыз деп әкімнің келуін талап еткен кентаулық әйелдерге қала басшысы шыға қойған жоқ. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Ал оның орынбасарларымен көпбалалы аналардың әңгімесі де жараса қоймады. Алты баласы бар Баян Нұрмағанбетованың ас-ауқаты – жарты бөлке нан мен қарызға алған титімдей ғана май. Мектеп жасындағы 4 қызы жұрттан қалған киім-кешекті киіп, оқу жылын әупірімдеп аяқтапты. Үйі-күйі жоқ отбасының шалғайдағы ауылдан Кентауға келіп, жұмыс кезегіне тұрғанына 5 жыл болған. Содан бері күйеуі екеуінде де жұмыс жоқ. Үйге де зар.

“Қақпаған есігім жоқ. Міне, алатын 8 мың теңгем жетпейді 6 балама. Қай жаққа баратынымды да білмеймін. Не істерімді де білмеймін?” – дейді көпбалалы ана Баян Нұрмағанбетова.

Осылай өлместің күйін кешіп жүрген көпбалалы отбасылар бұл қалада баршылық. Бүгін солар амалсыздан әкімдіктің алдына жиылды. Себебі, мемлекеттік жәрдемақыға ғана қарап отырған отбасыларға сол көмектің өзі айлап кешігуді шығарған.

“Айлығым 13 мың теңге. 14 мың теңге күміс алқаның ақшасы”, – деді көпбалалы ана Айнұр Айтбаева.

Жұрт шулаған соң әкімдік ғимаратынан атып шыққан шенеуніктер әйелдерді әупірімдеп жүріп ішке кіргізді. Бірақ басу айтқан әкім орынбасарын тыңдар құлақ болған жоқ. Ал шенеуніктің сөзіне сенсек, аналардың айқайына еш негіз жоқ.

“Заң бойынша, айдың соңына дейін берілуі керек. 31-не дейін алу керек. Бұл әлеуметтік осал топ. Сосын дүкенде жиналып қалған өздерінің тұрмыс қажеттерін болу керек”, – деді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Тәшімов.

Көп балалы аналар болса, әкімнің шығуын талап етіп, орынбасарларының сөзіне сенбестік танытқан. Әйтсе де, қала басшысы шыққан жоқ. Ал көпбалалы аналар жәрдемақы екінші ай кешігер болса құзырлы орындарға арыз жазбақ.

Оқи отырыңыз:

32 жастағы келіншек күйеуі мен оның досын төсек үстінде ұстап алды

Ақтөбеде соңғы қоңырауда облыс әкімін күткен мектептен шу шықты

Шығысқазақстандық жігіт ЭКСПО-ға қатысу үшін Астанаға жаяу аттанды

ЭКСПО қарсаңында шенеуніктер лас жерлер мен ескі үйлерді плакаттармен жауып тастаған

Талқылау