Оңтүстікте 4-сынып оқушысы 3 жастағы бүлдіршінді ажалдан құтқарды
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылында Мұхаммедәлі Құрақ есімді 4 сыныптың оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарып қалды.
Жұртшылыққа батыр баланың ерлігі туралы хабарды Алтынтөбе ауылының тұрғыны Сейдалы Дүйсебайұлы facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
«Түнімен төккен жауын ауыл ішін селдете өте шыққан. Сол тасқында Қосағаш ауылында 3 жасар қызды су ағызып біраз жерге барғанда оны мына бір қаршадай бала құтқарып алыпты. Құтқарып алғасын ессіз жатқан кішкентай бүлдіршіннің көкірегін басып, жұтқан лай суын құсқызыпты. Лай сумен бірге шөп-шалам, ағаш бұталары түсті дейді көргендер. Ауыл тұрғындары қаршадай баланың ерлігін аңыз қып айтып жүр. Баланың аты Мұхамедәлі. Ол 4-сыныпта оқиды», – деп жазады ол.
Талқылау