Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“NinetyOne” тобын қолдаған оңтүстік жастары батыр бабалардың сырға тағып, шаш бояғанын мысалға келтірді (видео)

Беттеріне қара бетперде киген оңтүстікқазақстандық жастар “NinetyOne” тобын қолдап, акция өткізді.

20160926090840

Видео Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Қазақ жастарын шараға бастап барған әпкеміз өзінің аталмыш топтың жанкүйері екенін айтады.

Ол: “Осы жерге “NinetyOne” тобының 25 жастан асқан тыңдармандары мен жанкүйерлері жиналып тұр. Мен сіздерге бұл топтың меннен де жасы үлкен тыңдармандары бар екеніне куәгерлік беремін”, – дейді де, видеоның осы тұсында аталмыш әпкеміз бен әжейдің болжаммен “NinetyOn” тобының концертінде отырған фотолары көрсетіледі.

Одан әрі, мұсылмандарға шашты бояу сүннет екенін, Алла елшісі Пайғамбар шашты (с.ғ.с.) қызыл, сары, қоңыр түске бояп жүруді бұйырғанын айтады. “Осыларды білмесеңіз сіз өзіңізді қалай шын мұсылманмын деп жүрсіз?”, – дейді ол.

Сондай-ақ әпкеміз дала салты бойынша ата-бабаларымыз бен батырларымыз сырға таққанын, күміс жүзіктерді тағып жүру де мұсылмандыққа қайшы еместігін айтады.

Кейіннен сөз алған жастар, кімді тыңдау өз құқықтары екенін, ал 91 тобын әрқашан қолдап, қорғайтынын және бұл топтың сахнаға келуін ұзақ күткендерін айтты.

Бұған дейін Оңтүстіктің бір топ жастары аталмыш топтың концерттерінің Шымкентте өткізілуіне жол бермейміз деп қарсылық акциясын ұйымдастырған болатын.

Оқи отырыңыздар:

Қазақстандық әнші ислам дінін қабылдап, мұсылман киімін шығарумен айналыса бастады (фото)

Алтынай Жорабаева 2 тәулік бойы өзі тіккен көйлегін көрсетті (фото)

Баян Есентаева жұрт алдына көзілдіріксіз шықты (фото)

Талқылау