Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяға сапарлаған қазақстандықтар бірнеше күн жертөледе жатқан

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға депортация жасап қайтарылып жатқан азаматтардың легі келіп жатыр. Олар “Құжаттарымыз талапқа сай болса да, бірнеше күн қамауда жаттық, тамақтан тарықтық, билеттеріміз күйіп кетіп, мыңдаған доллар шығынға баттық” деп отыр.

torgovaya_ulica_insadon_v_seule

Сурет venividi.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл жолаушылар екінші рет Кореяға бармаймыз деп отыр. Себебі ол елден көрген қорлығымызды айтып тауыса алмаймыз дейді. Айтуларынша, екінші сәуірде елімізден ұшқан осы 4 азамат Сеул әуежайына қонған бетте ол елдің көші-қон қызметкерлері еш себепсіз жертөлеге қамаған.

Ал, жолаушылар айтқан жертөледе жалғыз Қазақстан емес, Қырғызстанның және Африка елдерінің жүзден астам азаматы қамауда әлі жатыр екен. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен заңсыз қазақ мигранттары “ел имиджін құртып жатыр” деген пікір білдірген еді. Министрлік қазақтар онда ағыла берсе, Корея визасыз режимді алып тастайды деп отыр. Енді 1600 қазақстандық елге күшпен қайтарылады. Жыл басынан Кореяда бір айдан артық жатқандардың 400-і елге оралыпты.

“Алынған мәлімет бойынша қазір Оңтүстік Кореяда 6900 Қазақстан азаматы тіркелген. Жеті мың десек болады. Оның ішінде 1600-і заңсыз мигрант ретінде есепке алынған. Негізі жоғарыда айтылған келісімге дейін, күшіне енгенше дейін, Кореяда 300 заңсыз мигрант болған еді”, – дейді ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.

Ал туристерге кесірі тиіп кетпеу үшін министрлік демалушылар барлық құжатын қаттап баруы тиіс дейді.

Талқылау