Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті ел азаматтарын үйлену тойын дүркіретіп тойламауға шақырды

Оңтүстік Корея мемлекетінің премьер-министрі ел азаматтарына үндеу жасап, үйлену тойларын дүркіретпей өткізуге шақырды. Қазіргі кезде бұл ел тұрғындары орташа деңгейдегі тойдың өзіне 70 мың долларға жуық қаражат жұмсайды.

Безымянный

Сурет koreancenter.org.ua

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Ел премьер-министрі Хван Ге Ан жаңадан отау құрған жас отбасылардың басына қаржылық ауыртпалық түспеуі үшін, азаматтарды үйлену тойларына қатты шашылып ақша жұмсамай өткізуге шақырды.

“Үйлену тойларын жақсы әрі арзан өткізу мәдениетін қалыптастыру керек”, – деді премьер неке қиып жатқан бес жұптың салтанатты шарасы кезінде.

Әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша, Оңтүстік Корея тұрғындарының бір тойға жұмсайтын қаражаты орта есеппен 70 мың долларға жетіп жығылған.

Талқылау