Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея оқушылары қазақ ертегілерін оқитын болады

Осы ел үкіметі мен Орталық Азия мемлекеттері мәдениет министрліктері арасындағы келісім бойынша жинақ дайындалуда.

daeaa9868f56d615dce5b4633971c91f_L

Бұл туралы 24хабар арнасы хабарлайды.

Топтамаға қазақ ертегілері де енгізілген. Оқулық Сеулдегі Қазақстан елшілігінде көпшілікке ұсынылды. «Жаңа жылды қай мезгілде қарсы алу керек?» деп аталатын туындының авторы – Дүйсен Кеңес Оразбекұлы.

Ал суреттермен әрлеген кореялық суретші Чон Хен Джин. Оның айтуынша, оған ертегілердің мазмұны ұнаған. Әсіресе, қазақ жұлдыз жорамалы туралы шығарма өте әсерлі дейді ол. Өйткені қазақша жыл санау жүйесі Кореяда да бар. Ертегілер жинағы жиырма бес мың дана тиражбен шығады. Кітаптар оңтүстіккореялық мектеп кітапханаларына таратылады.

“Біріншіден, мен эскиз, сосын көлемді фигураны жасайымын. Оны суретке түсіріп, компьютерде коллаж істеймін. Осылай иллюстрация пайда болады. Осы кітапты оқып мен Наурыз туралы бірінші рет естідім. Ол біздің күн күнтізбесі бойынша Жаңа жылға ұқсайды. Наурызда қандай тағам жасалатынын да осы кітаптан білдім. Барыспен танысу мені таңғалдырды. Бұрын осы жануарды мен көрген жоқпын. Сондықтан ол туралы деректерді интернеттен таптым”, – дейді суретші Чон Хен Джин.

Жіберіп алмаңыз:

Неміс балалары қазақ халық ертегілерін оқып жүр (фото)

Абысын арасындағы дау-жанжал бала тәрбиесіне де әсер етеді

Қазақстандық психолог балаларды 5 жасқа дейін де еркелетпеуге кеңес берді

Талқылау