Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік қазақстандық ескек есушілер әлем кубогының алтынын жеңіп алды

Облыс тарихында алғаш рет оңтүстік қазақстандық байдарка мен каноэде ескек есушілер әлем кубогының алтынын иеленді. 200 метрге жекелей сайыста Тимур Хайдаров өзге қарсыластарын шаң қаптырған.

нреп

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Қатысушылар олимпиялық қашықтықта сайысқа түсті. Тимур Рио олимпиадасына жолдама алған спортшылардың ішіндегі ең жас қатысушы болып саналады. Оның әлем кубогындағы жеңісі төрт жылдықтың басты додасына жақсы дайындықта екенін көрсетеді.

Бұл жолғы әлем кубогы Чехиядағы Рачица қаласында өтті. Тимурмен бірге сайысқа түскен тағы бір қазақстандық Мерей Медетов күміс жүлдені қанжығаға байлады.

орпа

Әлем кубогының бірінші кезеңі Германиядағы Дуйсбург қаласында өткен. Ол кезде Сергей Емельянов 500 метрге каноэмен жарысуда қола жүлде еншілеген.

Еске сала кетсек, алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысынан 6 ескекші Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр. Азия және әлем чемпиондарының ендігі мақсаты – олимпиада жүлдесі.

Талқылау