Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда сотталған азамат түрмеде жеке кәсіп ашып баюға кірісті

Оңтүстік Қазақстанда сотталған азамат алғаш рет жеке кәсіппен айналысып, 45 тонна орамжапырақ және қияр өндіріп алды. ИЧ-167/10 түзеу мекемесінде (Шымкент қ. қоныс-колониясы) жазасын өтеуші 45 тонна ауылшаруашылық өнімдерін өсірген.

af7704eb47abe533cef70ef94fdc4a17

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстанда жасазын өтеп отырған азамат өз кәсібін ашып, қияр мен орамжапырақ өндіріп отыр.

“Мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны үшін төрт жыл мерзімге сотталған 43 жасар Бақытжан іскерлік танытып, жеке кәсіппен айналысты. Оның бизнес-жобасы мекеме әкімлішігімен қатар, облыстық кәсіпкерлік басқармасынан да қолдау тапты. Бүгінде сотталған кәсіпкер әрқайсының аумағы бір гектар болатын екі жылыжайды басқарып отыр. Біреуінде қияр өсірілсе, екіншісінде орамжапырақ өндіріледі. Кәсіпорын алғашқы 45 тонна өнімін шығарып та үлгерді”, – деді облыстық ҚАЖ департаментінің өкілі Тұрсынай Рахмат.

Сотталған азамат тағы да бір кәсіп көзін тауып, басқа жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

“Мұнымен қоса, Бақытжан тігін цехын да ашты. Атап айтарлығы, қазіргі таңда оның шаруашылығында 10-нан аса жазасын өтеуші жұмыспен қамтылып, еңбек етуде”, – дейді департамент өкілі.

Жіберіп алмаңыз:

Өзінің ең қымбат, ең қимас нәрсесін Алла үшін біреуге беру дұрыс па

Балиева балаларды Coca-Cola-ны ішпеуге үйретпекші

Қытайлық шошқаларының еті дәмді болуы үшін оларды биік мұнарадан секіртіп үйретуде

Израиль парламентінде күтпеген жағдай орын алып, азан шақырылды (видео)

Талқылау