Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да көріпкел қыз Қазақстанның келесі президенті кім болатынын айтты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Науайы ауылында тұратын Бейне есімді емші қыз Қазақстанның келесі президенті кім болатыны туралы болжам жасаған.

Безымянный

Бұл туралы “Замана” басылымы хабарлайды.

Бұған дейін көріпкел Бейне Қаржаубаева СПИД ауруының емін таптым деп, елді елеңдеткен. Енді сол көріпкелдің әкесі қызының ел болашағына қатысты маңызды болжам жасағанын айтып отыр.

“Бейненің көріпкелдік, болжағыштық қасиеті бар. Соны да бір естеріңізге салайын деп едім. Ол кезінде Қырғызстанда халық пен билік арасында қақтығыс болатынын айтқан болатын, кейін ол өмірде шындығында да орын алды. Сондай-ақ қызым осыдан біраз жыл бұрын еліміздің келесі Президенті Дариға Назарбаева болады деп те айтқан еді, қарап отырсам, ол да расқа айналатын сияқты. Қысқасы, мен қызымның бойында қасиет барына сенемін, оны үнемі қолдап отырғым келеді”, – дейді Ералхан Жылқайдарұлы.

Оның айтуынша, қызына тіпті Кәрім Мәсімовтың әкесі де қаралып, емделіп кетеді екен. Үкімет басшысы “визиткасын” қалдырып, әлі күнге хабарласып тұратын көрінеді.

“Қазір қызым үйде. Оның өмірінде әзірге пәлендей жаңалық жоқ. Көзіне ақ киімді адамдар елестейтіні әлі де бар, оны өзі айтып отырады. Біз сырын білмейтін тылсым құбылыстар әлі де көрініп тұрады екен”, – дейді әкесі.

Ералхан Жылқыайдарұлының айтуынша, ол кісінің қызы Бейне Қаржаубаеваның Зиядан Қожалымов басқаратын Халық емшілері қауымдастығынан алған арнайы лицензиясы бар. Сондықтан оған ел ішінен сирек те болса барып емделіп тұратындар қазір де жоқ емес көрінеді.

Талқылау