Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы полициясы жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздеп жатыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ре

Сурет ОҚО Ішкі істер департаменті

15 жастағы Нодира Эркинова 1 наурыз күні таңғы сағат 8-де үйден шығып кетіп қайта оралмаған. Полицияға оның жоғалғаны туралы ақпарат сол күні түскен.

“Бәйдібек ауданы Шаян ауылының тұрғыны 2000 жылы 6 қыркүйекте туған қызы Нодира Эркинова Дарвонбекқызының 1 наурыз күні таңғы 8-де үйден шыққаннан қайтып келмегенін айтты”, – делінген хабарламада.

Нодираның түр-әлпеті: арықша келген, бойы 150-155 см, шашы иығына дейін түскен, тік мұрынды. Қоңыр қызыл түстегі күртеше киген, басында қызыл түсті қалпағы, аяғында спорттық аяқ киімі бар.

Полиция басқармасы кім де кім Нодина Эркинованы көрген болса 8-725-48-2-10-76, 8-725-48-2-19-02, 8-725-48-2-11-02 және 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Талқылау