Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО тұрғындары жаппай мотоциклдерге көше бастады

«Құмырсқа» аталып кеткен үш аяқты шағын көлік, әсіресе, жүк тасуға ыңғайлы екен. Тіпті әдеттегі жеңіл көліктерге оңайлықпен сия қоймайтын құрылыс материалдарын осы мотоциклмен жеткізудің арқасында нәпақамызды тауып жүрміз дейді арыстықтар. Тіпті тұрғындардың кейбірі алып көліктерін жарты тоннаға дейін көтеретін көлікке ауыстырыпты.

Снимок экрана (78)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Қырық мың халқы бар шағын ғана Арыстың өзінде дәл осындай жүзге жуық мотоцикл бар. Тұрғындар аптаның бес күні осы көкөніс базарында, ал жексенбіде мал базарында халыққа қызмет көрсетеді, яғни әртүрлі заттар тасып, нәпақасын айырады», – дейді тілші Ерлан Жүнісбай.

Тәжібек Мәмбетов үш аяқты мотоциклді көлік еткелі сегіз жыл болыпты. Зейнетке шыққалы тым алыс болмаса да, Арыс пен жақын маңдағы ауылдарға осы шағын көлігім жеткізеді,- дейді. Ақсақалдың айтуынша, тұрғындар арасында «Құмырсқа» атанып кеткен көлік аудан орталығындағы жұмыссыздарды асырап отыр екен.

«Мұны «Муравей» дейді. Қазақша аты – құмырсқа. Құмырсқа секілді жүкті өзінен он есе көтереді. Пенсияға шықтым, осыны айдап жүрмін. Көлігім. Жүрсе жүремін, жүрмесе жүрмеймін», – дейді Арыс қаласының тұрғыны Тәжібек Мәмбетов.

Кеңес дәуірінде Ресейден келген көлік құралының шығарылуы қазір тоқтаған. Десе де, қосалқы бөлшектері жетіп артылатындықтан, жөнделуінің жеңілдігін айтады жүргізушілер. Жарты тонна жүк көтеретін «Құмырсқаны» көргендердің көбі таңырқайтын көрінеді.

Енді қазір адамдар стройка жасауда. Стройматериал тасимыз. Мысалы, ұзын рейкаларды, ұзын тақтайларды жеңіл көлік арта алмайды», – дейді мотоцикл иесі.

Жеті мыңға жуық велосипеді бар шағын қалада үш аяқты мотоциклдің де аз емес екендігі байқалды. «Муравей» атанған көлік құралының төлқұжаты жоқ екендігін жергілікті полиция өкілдері жасырмады. «Жұмыссыздықты азайтып отыр», – деген ауыл ақсақалдары билікке өтініш білдірген екен. Сондықтан уақытша қозғалыста жүр деп отыр. Әрбіріне реттік сан жазып, есімдерін арнайы кітапқа енгізіп те қойыпты. Ал жол ережесін бұзбау керектігі оларға қатаң ескертілгенін айтады.

Талқылау