Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік астананың әкімі Instagram желісінде жеке парақша ашты

Алматының әкімі "Инстаграм" желісінде парақша ашты, деп жазады Stan.kz

Бауыржан Байбек "Инстаграмдағы" парақшасында әкім қызметіне кірісе салып, тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шыққан кезін есіне алды.

"Алматы әкімдігіндегі алғашқы жұмыс күндерімде қалалықтармен ақпараттық байланыстың негізгі көзі әлеуметтік желілер болды. Сондықтан біз "Инстаграмда" әкімдіктің аккаунтын және "Open Almaty" қоғамдық қабылдау орталығын аштық.

Сіздерден келіп түскен өтініштерді зерделей отырып бүгінгі күні бюджеттің басым бөлігін әлеуметтік мәселелерді – абаттандыру, қоғамдық көлікті дамыту, жол, мектеп, балабақшалар, ауруханалар салуға және басқа да өзекті мәселелерді шешуге бағыттадық", — деді әкім. 

Сонымен қатар, Байбек қалада қандай өзгерістердің орын алатынын жазды. 

"Таяу арада "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасын іске қосамыз. Алматының әр ауданында жарты миллиардқа жуық теңгені тұрғындардың өздері қайда жұмсалатынын анықтайтын болады.

Қалалықтар өз ұсыныстары мен жобаларын бере алады, ал ашық дауыс беру олардың ең үздіктерін анықтайтын болады.Бүгін мен қоғаммен байланыстың тағы бір арнасын ашуды жөн көрдім. Яғни, сіздердің өтініштеріңіз бен талап-тілектеріңізді тікелей қабылдап, атқарылған жұмыстар туралы күнделікті хабардар ететін боламын", — деді. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әкім Twitter желісінде парақша ашқан. 
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр