Оңтүстікте тұтас ауданды нашамен қамтамасыз етіп келген отбасы қолға түсті

Сәрсенбі, 6 Сәуір , 2016 21:43

Бір әулеттің үш еркегі келінімен бірге ұзақ жылдар бойы үйінде отырып-ақ наша сатып келіпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

64

Сурет tvc.ru

Ресми түрде еш жерде жұмыс істемесе де олардың ауқатты тұрмысы күдік тудырған. Тексере келе олардың Түлкібас ауданының тұрғындарын есірткімен қамтып отырғаны анықталды. Тіпті, марихуана сұрап келген жұртқа қарызға да беріп отырыпты.

Тінтуге келген тәртіп сақшылары өз көздеріне өздері сенбеді. Есеңгірететін шөпті күдіктілер көлігінен бастап, үйдің ішіне дейін толтырған. Енді туыстар ұзақ жылға абақтыға аттанулары мүмкін. Қазір мұндай көлемдегі нашаны қайдан алып отырғаны тексеріліп жатыр.

“Бұлар үлкен көлемдегі марихуананы бөлшектеп сатып отырған. Бұл топ соңғы жылдары қызмет атқарғанын анықтап отырмыз. Бұл топты ұстаудың өзіне біз алты ай бойы іздеу шараларын жүргіздік”, – дейді ОҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы Нұриддин Дауылбаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар