Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте сұлбасы бар, бірақ жұмыс істемейтін бағдаршамдар көбейген

Халық “балаларымыз сабаққа бара алмай қалды деп” шу көтерген соң Шымкенттен Таразға шыға беріс күре жолдың бойына орнатылған үш бірдей бағдаршам іске қосылмапты.

ымымым

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Біреуінің құны екі миллион теңгеге жететін бағдаршамдардың кім үшін және не үшін қойылғаны түсініксіз.

Шымкенттің “Азат” ықшамауданының тұрғындары Таразға қарай шыға беріс күре жолдағы бағдаршам жұмыс істемейді, балалар әрең өтеді деп, налып отыр. Айтуларынша, дәл осы орында соңғы бір айдың өзінде үш бірдей оқушыны көлік қағып кеткен. Солардың бірі көпбалалы Гүлнәр Айтымбетованың 12 жастағы қызы әлі ауруханада жатыр екен.

“Ары-бері жалтақтап, әрең өтеді. Енді өткен аптада өзімнің бесінші сыныпта оқитын қызым жол апатына түсті. Қазір ауруханада жатыр”, – деді тұрғын Гүлнәр Айтымбетова.

“Машинаның бір шеті соққанда, бұл жерге құлап, үстінің барлығы лай, оны қорқып бізге айтпаған. Ертесіне білдік”, – дейді тағы бір тұрғын Сая Құрманбекова.

Дәл осы жолдың өзінде үш бірдей бағдаршам жұмыс істемейді. Мұндай істемейтін бағдаршам Шымкентте ғана емес, еліміздің кез-келген қаласында көптеп кездеседі. Ал, оның біреуінің өзі екі миллион теңгеден асып жығылады.

Алайда іске қосылуына әлі бір ай бар деген жауапты маман, тұрғындардың айтқанынан бөлек, тағы екі бірдей бағдаршамның істемей тұрғандығынан хабарсыз болып шықты.

Безымянный

“Эксплуатация әлі толық берілген жоқ. Жұмыс жүргізілуде. Екіншіден өткен жолы біз барлығын бір қосып, тексеріп алдық, істейтін-істемейтіндерін. Бір айдың көлемінде қосамыз светофорлардың барлығын”, – деді Шымкент қалалық автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Есіркепов.

Мұндағы жолдың ұзақ мерзім жасалғанын алға тартқан халық, бағдаршам да сол күйі қосылмай күттіре ме деп алаңдап отыр.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде екі қызды зорлап, кейін азаптап өлтірген педофилге үкім шықты

Еліміздегі ең ірі параны жемқорлықпен күресуге тиісті адамдар алатын болып шықты

Алматы облысында бір айдай бұрын жоғалған қыз табылмай жатыр

Талқылау