Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте кішкентай сәбиді аяғынан айырған жүргізуші түрмеге қамалды

Оңтүстік Қазақстанда бір сәбиді мүгедек қылған жүргізуші мен көлік иесі сотталды. Машинаның қожайыны –Нұрболат Әтеев 2 жыл қоныс колониясына жіберілсе, тізгінде болған Нұрсейіт Артықов 5 жылға жалпы тәртіптегі абақтыға қамалды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0

Жантүршігерлік оқиға 26-шы ақпанда Шұбарсу ауылында болған. Күні бойы тойлатып, екеуі де мас болғанымен Артықов досының «Фольксваген» көлігін өзі жүргізіпті. Жолда басқалармен жарысамыз деп жылдамдықты асырған олар көше жиегімен өтіп бара жатқан бір топ баланы қағып өтіп, үйдің қабырғасына соғып қана тоқтаған.

Соның салдарынан бірнеше бүлдіршін жарақат алса, Мәлік есімді 1 жарым жасар сәби бір аяғынан айырылды. Кінәлілер жазаланғанымен, мүгедек боп қалған баланың туыстары 50 мың долларлық протезге қаржы таба алмай, жұрттан көмек сұрауда.

“Бұл өте қымбат протез деп жатыр. Шетелден алдырасыздар деді. Ол өте қымбат болып тұр”, – дейді жәбірленуші Ләззат Жаханшиева.


 

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттегі бала сатқан дәрігерлердің былығы әшкереленді

Қытайда 31 саусақпен туылған баланың анасының да артық саусақтары бар (фото)

1 жасар сәби ерте жетіліп, жыныс мүшесі 25 жастағы ер адамдікіндей болып өскен

Сәбидің салмағы неліктен 7 келіге жуық болып туылғаны белгілі болды (фото)

Талқылау