Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте 4-сынып оқушысы 3 жастағы бүлдіршінді ажалдан құтқарды

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылында Мұхаммедәлі Құрақ есімді 4 сыныптың оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарып қалды.

12376859_1009950845751430_1795609029104988263_n

Жұртшылыққа батыр баланың ерлігі туралы хабарды Алтынтөбе ауылының тұрғыны Сейдалы Дүйсебайұлы facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Түнімен төккен жауын ауыл ішін селдете өте шыққан. Сол тасқында Қосағаш ауылында 3 жасар қызды су ағызып біраз жерге барғанда оны мына бір қаршадай бала құтқарып алыпты. Құтқарып алғасын ессіз жатқан кішкентай бүлдіршіннің көкірегін басып, жұтқан лай суын құсқызыпты. Лай сумен бірге шөп-шалам, ағаш бұталары түсті дейді көргендер. Ауыл тұрғындары қаршадай баланың ерлігін аңыз қып айтып жүр. Баланың аты Мұхамедәлі. Ол 4-сыныпта оқиды», – деп жазады ол.

Талқылау