Оңтүстіккореялық студент Кэмбриджде Қазақстан жайлы ғылыми еңбек жазып жүр

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 17:36

Қаршадай ғана корей қызы қазақ тілін меңгерген. Енді оңтүстіккореялық PhD докторант Кэмбридж университетінде Қазақстан жайлы және қазақ тіліне қатысты ғылыми ізденісте жүр.

00afbcb19066eb37be98b8230fd9b56a_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Энджу Ку бұған дейін студенттік алмасу бағдарламасы бойынша Қазақстанда білім алған. Екі жылдың ішінде көп қиналмастан қазақ тілін үйренген. Қазақ достары үшін ыңғайлы болсын деп ол өз есімін Інжу деп өзгертіп алған. Інжудің Қазақстанға деген қызығушылығы 12 жыл бұрын пайда болыпты. 2005 жылы ол Алматыдағы жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсіп, қазақ елімен танысу мүмкіндігіне ие болған екен.«Бірақ қазір тілді ұмытып барамын», – дейді ол. 

“Иә, екі жылда. Бірақ мен қазір практика болмағандықтан жай-жай сөйлеймін. Бірақ сол кезде қазақтардан қазақша жақсы үйрендім. Қазақ тілін үйрену маған оңай. Өйткені біздің грамматикамыз ұқсас”, – дейді Кэмбридж университетінің PhD докторанты Энджу Ку.

«Қазақ тілінің Қазақстан еңбек нарығындағы экономикалық құндылығы» тақырыбында докторлық диссертация жазу Інжуге оңай болмай отыр. Өйткені Қазақстан жайлы ғылыми еңбектердің басым бөлігі орыс тілінде. Ал орысшаны ол түсінбейді. Інжудің ойынша, қазірде Қазақстанда еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру саласында қазақ тіліне деген сұраныс артып келеді екен.

“Менің ойымша, қазақ тілінің бағасы бірте-бірте жоғарылап бара жатыр. Өйткені мемлекет көмек береді адамдарға көп тіл үйренуге. Содан кейін адамдар өзі ойлайды. Қазақ тілінің маңыздылығы жоғарылап бара жатыр деп”, – дейді Кэмбридж университетінің PhD докторанты Энджу Ку.

Сондай-ақ Інжу қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін де жақсы біледі. Жоғары оқу орнындағы ешбір қоғамдық-мәдени іс-шара оның қатысуынсыз өтпейді. Кэмбридж университетінің оқытушылары болса Қазақстанның даму перспективасына оң баға беріп отыр.

“Шетелдіктердің Қазақстан туралы білгісі келетіні рас. Інжудің Оңтүстік Кореядан Ұлыбританияға келіп, сіздердің ел туралы ғылыми еңбекпен айналысып жатқаны соның бір айқын дәлелі. Және бұл Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқандығының белгісі”, – дейді Кэмбридж университетінің профессоры Сидхарт Саксена.

Кэмбридж университеті әлемнің ең көне әрі ең беделді оқу орындарының бірі екендігін атап өткен жөн. Бұл оқу орнында ғылымда орны ерекше Чарльз Дарвин, Исаак Ньютон, Стивен Хокинг сияқты дарынды адамдар білім алған. Шетелдіктермен бірге Кэмбриджде қазақстандық студенттер де оқып жатыр. Олардың басым көпшілігі президенттік «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары.


Жіберіп алмаңыз:

Қостанай облысында ер адам қала ортасында тыр жалаңаш жүрді

Астана тұрғыны 27 жасында 5 баласымен жесір қалды (фото)

Қайрат Жамалиевтің отбасына тәркіленген мүліктің бір бөлігі қайтарылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар