Оңтүстік тұрғындары күз мезгіліне қарамастан суға түсіп жүр (видео)

Ер адамның мезгілге қарамастан балаларымен бірге Шардара су қоймасына түсіп жүрген видеожазбасы желіде кең танымалдық алып келеді, – деп хабарлайды BNews.kz.

«Сағат 15:55. Ауа температурасы +25. Шардара су қоймасында суға түсіп жүрміз. Қазан айының соңында да суға түсуге болады деп кім ойлаған. Балиге барудың керегі не? Бали деген осы емес пе?», – дейді суға түсіп жүргендердің бірі видеожазбада.

Мұндағы демалушылар солтүстік тұрғындарына сәлем жолдап, қызғанбауларын сұрап әзілдеді.

«Солтүстік өңір тұрғындары, бекем болыңдар! Олар тон киіп жүрген шығар… Қалай ойлайсыңдар, үйлеріне жылу қосты ма екен…», – дейді олар.

Естеріңізге сала кетсек, кеше «Қазгидромет» РМК Қазақстанның оңтүстік шетінде ауа температурасы +28 градусқа дейін жоғарылайтынын хабарлаған еді. Бұл қазан айының соңы үшін климаттық нормадан жоғары саналады.

Жіберіп алмаңыз:

Әйелімен ұрсып қалған Астана тұрғыны аялдаманың шынысын сындырды

Алматыдағы сауда қоймаларының бірінен заңсыз сүт өнімдері табылды

Шымкенттік өнертапқыш қазақ әрпін латынға аударудың тиімді жолын ойлап тапты

Енді «шуба» жарнамалағандар жауапқа тартылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар