Оңтүстік Кореяда смартфон құмарлар үшін арнайы жол белгілері орнатылды

Дүйсенбі, 27 Маусым , 2016 18:45

Смартфондар адам өміріне қауіп төндіреді. Мәселе оның адам ағзасына зиян екендігінде емес. Мәселе, экранға үңіліп кеткен адамның көшеде келе жатып айналасында болып жатқан оқиғаларға назар салмауы.

88888

Бұл туралы  nz1.ru  хабарлайды.

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласының әкімдігі қала тұрғындарын қоршаған ортадан келетін қауіптен сақтау үшін арнайы шара қабылдады. Бұл бірінші кезекте смартфон құмарларға тікелей байланысты.

Пилоттық жоба аясында Сеул басшылығы екі жол белгісін орнатты. Олардың бірі “Назар аударыңыз” деп аталады. Жүріп келе жатып смартфон қолдану кезінде бұл белгі, әсіресе жаяу жүргіншілер жолағында болатын жол апатынан сақтауға бағытталған.

1467024678_lyubiteli-zalipat-v-smartfony-poluchili-ulichnye-preduprezhdayuschie-znaki-ob-opasnosti-v-yuzhnoy-koree-1

Ал “Қауіпсіз жүр” деп аталатын белгі адамдарға тротуармен келе жатып смартфон қолдану сәтіндегі қауіп туралы ескертеді.

Жаңа жол белгілері ел астанасындағы қайғылы оқиғалар көп болатын, смартфонның қатысуымен жайсыз жағдайлар көп тіркелген бес ауданында орнатылады. Әзірге Оңтүстік Корея тұрғындарының бұл бастамаларды қалай қабылдайтыны, қаншалықты бой үйрететіні белгісіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар