Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея қазақстандық азаматтарға дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрады

Оңтүстік Корея депортацияланған қазақстандық азаматтарға дөрекі қатынастары үшін кешірім сұрады. Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісіндегі үкімет сағатында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

20161010173835

«Оңтүстік Кореяға қатысты тоқталатын болсам, осы елмен бізде визасыз режім туралы келісімге қол қойылған болатын. Біздің азаматтар бұл елге жеке куәлік және жол жүру құжаттарын ұсынған кезде кіре алады. Сонымен бірге, сапар мақсаты жұмысқа орналасу емес, туризм ретінде ескеріледі. Сондықтан да визасыз режімді пайдалана отырып, елімізден Оңтүстік Кореяға адамдар көптеп барып, жұысқа орналаса бастады.  Бұл өз кезегінде аталған режімге қайшы және онда жұмысқа орналасу қамтылмаған. Корейлік тарап бастапқыда осындай жағдайға айтарлықтай байыпты қарағанымен, алайда бұл режімді бұзған қазақстандықтар саны артта түскен. Сонымен қатар олардың арасында кейбірі құқық бұзушылық әрекеттеріне барған көрінеді. Осы ретте корейлік жақ тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Олар азаматтармен бетпе-бет әңгімелесу жіргізген және біздің елдің адамдарының жауаптарына қанағаттанбағандықтан, қамауға алу немесе кері қайтару шешімдерін қабылдады», – деді Ыдырысов.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік қызметкерлері осы мәселемен егжей-тегжейлі таныс. Қазіргі кезде корейлік тараппен қатынастар айтарлықтай жеңілдеді. Оңтүстік Кореяға сапарлайтын Қазақстан азаматтарына аталған режімді бұзған жағдайда жүктелетін жауапкершілік жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде қазақстандықтармен дөрекі қатынастары үшін аталған ел кешірімін сұрайтындығын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтарды жаппай депортациялағаны үшін Оңтүстік кореяға нота жолданған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Екі министр Үкімет басшысынан сөз естіді

Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

 

Талқылау