Оңтүстік Кореяда 4 қазақстандық азамат көз жұмды

2018 жылдың басынан бері Оңтүстік Кореяда 4 қазақстандық азамат көз жұмған. Олар елде заңсыз жүрген азаматтар.

Одан өзге Қазақстанның жеті азаматы істі болып, Оңтүстік Кореяда жазасын өтеуге түрмеге жабылды, деп хабарлайды «Qazaqstan» арнасы.

Қазір бұл елде Қазақстанның 31 216 азаматы жүр. Олардың 38%-ы, яғни 11 860 азаматы елде заңсыз жүр. Бәрі екі ел арасындағы 30 күндік визасыз жүйені пайдаланған.

Көпшілігі 20-29 жас аралығындағы жастар. 36% 30 бен 39 жас аралығындағы адамдар.

Қазақстанның елшілігі заңсыз жүрген біздің отандастарымызға “жасыл дәліз” жүйесімен елге қайтуға кеңес берді. Ол 2018 жылдың 1 қазаны мен 2019 жылдың 31 наурыз айына дейін жұмыс істейді. Егер отандастарымыз бұл уақытта елге келмесе, 6,5 млн теңге айыппұл төлейді.

Қазақстандықтар тарапынан отандастарын өлтіру, Оңтүстік Корей азаматшасын зорлауға қатысты іс қозғалған оқиғалар болды.

Биыл елде қаза болған 4 қазақстандық азамат өндірісте жұмыс істеген. 9 ай ішінде корейлік тараптан 700 қазақстандық азамат елге жер аударылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар