Оңтүстік қазақстандық оқушы қыз әлем ғалымдары бас қатырған “ақылды үйдің” жобасын ойлап тапты

Дүйсенбі, 13 Маусым , 2016 11:35

Бүкіл әлемнің ғалымдары мен сәулетшілері жарыса салмақшы болып жатқан “ақылды үйдің” жобасын шымкенттік оқушы жасап шықты.

бьтимс

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Алина Ахмет өз жобасына патент алып та қойды. Сондай ақ Астанада өткен “Шапағат-2016” республикалық байқауында оның “ақылды үйі” бас жүлдені жеңіп алған.

Алина Ахметтің жобалаған үйінде тұратын болсаңыз, сіз коммуналдық төлемдерге ақшаңызды бірнеше есе аз жұмсайтын боласыз. Бұл – шындыққа айналған қиял. Енді есептеп көріңіз. Өзіңіздің үйіңіздің екінші қабатына баспалдақпен көтерілдіңіз. Ал төменге түсу үшін электр энергиясын тұтынбайтын лифтке отырасыз.

“Міне, лифт астына түскен кезде адамның энергиясы жерасты суын алуға кетеді. Сөйтіп біз жерасты суын ешқандай шығынсыз үйге көтере аламыз”, – дейді химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Алина Ахмет.

бьти

Егер орта есеппен бұл үйде 4 адам тұрса, шамамен 280 килограммға тең су үйге жиналады. Мұны бір деңіз. Одан басқа, үйге тегін келген су төмен ағып кетер кезінде сіздің үйіңізге керекті электр энергиясын да өндіріп береді. Құбырмен төмен құлдилаған су қалақты айналдырады.

“Судың жылдамдығына қарай генераторға энергия жиналып, барлық үйге ток көзін береді. Яғни бұл үй өз-өзін сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ете алады”, – дейді оқушы.

Мұндай жобаның пайда болуына физика пәнінің мұғалімі Серікбек Жармұқанбетов түрткі болған екен. Оқушыларға күн сәулесінен үйге қажетті энергия алу жолдарын табуды тапсырады. Алина өзге әдісті таңдапты. Және жүлденің бәрін жинап алды.

“Бұл үлкен, терең еңбекті талап етеді. Бірінші – оқушының өзінің ізденісі. Екіншіден, сол оқушының ақыл-ойын дұрыс бағыттап отыратын мұғалімнің, мектептің негізгі еңбегі деп есептеймін”, – дейді химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Серікбек Жармұқанбетов.

Алина Ахметтің “ақылды үйінің” жобасы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар