Оңтүстік қазақстандық 17 жасар жігіт қырым қанды безгегінен көз жұмды

Жұма, 17 Маусым , 2016 13:15

Қараспан ауылының тұрғыны қырым безгегінен қайтыс болды. Ол дәрігерлерге қаралған кезде, ақ халаттылар салқын тиген деп қайтарған.

глгл

Сурет vector.nsc.ru

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

6 маусым күні 17 жасар бозбаланың ыстығы көтеріліп, басы ауырып, құса бастаған. Екі күннен соң ол Арыс қалалық ауруханасына, кейін қаладағы жеке медициналық орталыққа барып көрінген.

Ол дәрігерлерге он күн бойы шабындықта жүріп, мал баққанын айтқан. Бірақ, ол денесінен ешқандай кенені байқамадым деген. Сол себепті дәрігерлер де салқын тиген деген диагноз қойып, дәрі жазып береді. Екі күннен соң бала қан араластырып құса бастайды. Оны дереу ауруханаға жеткізгеніне қарамастан, бір тәуліктен соң қайтыс болған.

Дұрыс диагноз қоя алмаған дәрігерлердің ісін қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келген арнайы комиссия қарап жатыр.

“Қырым безгегі вирус түсіргеннен кейін 7-14 күн ішінде инкубациялық кезең болады. Бұл кезде міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Ауру адам қаншалықты ерте қаралса, соншалықты тәуір болып кете алады. Әрине, бұл ретте диагноз да дұрыс қойылуы керек”, – деді шымкент қалалық жұқпалу аурухана бас дәрігері Бақытқали Ережепов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар