Оңтүстік Қазақстандағы демалуға ең лайықты 10 мекен (фото)

Жұма, 29 Сәуір , 2016 13:40

Алда ұзақ уақыт демалысқа негізделген жаз айлары келе жатыр. Егер бос уақытыңызды тиімді әрі көңілді өткізгіңіз келсе, онда еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар орындарды назарларыңызға ұсынамыз.

борал

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

“Бургулюк” демалыс орны. Бұл демалыс мекені рейтінгтің бірінші сатысына бекер орналасқан жоқ. Бұл тамаша орынға барғысы келмейтін адам кемде-кем. Ол “Сайрам-Ұғам” ұлттық саябағына және қалаға жақын орналасқан. Ал бір қиыны тау беткейлері жекенің қолына өтіп кеткендіктен, ол жерлермен қадам басі үшін ақша төлеуге тура келеді.

бургуэ

Сайрам су. Бұл демалыс орыны Сайрам су өзенінің жағалауына жақын, экологиялық таза аймақта орналасқан. Шымкент қаласынан 65 шақырым қашықтықта. Сайрам ауданы арқылы Көксай, Қазақстан, Тасарық ауылдарын басып өтіп жетуге болады.

1441

Жер асты үңгірі. “Ақ мешіт” үңгірінде ағаш өсіп, құстар ән салып жүреді. Әрі мұнда жылдың қай мезгілінде де тұрақты бір температура сақталады. Көлігіңізді тұраққа қойғаннан кейіп, аталмыш мекенге жетем дегенше біраз жаяу жүруге тура келеді. Ал артықшылығы – бұл тамаша кешенде қыдыру тегін.

ак мешит

Боралдай. Барлық өркениет қызықтарынан – телефон, компьютер, интернет, қаланың шуылынан бір сәтке демалуды қаласаңыз онда сөзсіз Боралдайға тартып кетуге кеңес береміз. Тек бір қиыншылығы қаладан 170 шақырым қашықтықта орналасуы. Бұл “Ақ мешіттен де” алыс. Бәйдібек би мавзолейі жақтан жетуге болады. Ал артықшылықтары әрине көп. Мұнда киіз үй мен сәкіге отырып, тауды да тамашалап серуендеуге болады. Суы да тұп-тұнық. Балалардың жалықпауы үшін арнайы алтыбақан құрылған.

борал

Балықшылар ауылы. Мұнда топ-топ болып келетін туристер өте көп. Шымкент қаласынан 180 шақырым қашықтықта. Бірақ, жолдың тақтайдай түзулігі сонша көлік жүргізушілеріне еш қиындық әкелмейді. Қызылорда және Байырқұм көпірлері арқылы оңай жетуге болады. Мұнда балық аулап демалу адамға ерекше ләззат сыйлайды.

454545

Тұзды бұлақ. Шетелдерде мұндай орындар әжептәуір бизнес жасап отыр. Бұл денсаулыққа де өте пайдалы болып саналады. “Амангелді” ауылында орналасқан бұл емдеу-сауықтыру орынына “Батыс Европа-Батыс Қытай” тас жолы арқылы Түркістан қаласы тарапынан баруға болады. Жүрек ауруы бар адамдардың тым ыстық емес, жылы суда шомылғаны жөн.

4545454545

Ежелгі Түркістан. Бұл мекендер жарнаманы да еш қажет етпесі белгілі. Қожа-Ахмет Яассауи кесенесі екінші Мекке ретінде құрметтеледі. Мұнда келіп жататындар адамдар саны жылдың қай мезгілінде де тоқтаған емес.

45454545454545

Укаш-ата құдығы. Бұл құдықты емдік қасиеті бар деп санап, басына тәу ететін адамдар саны көп. Қаладан 210 шақырым қашықтықта жатқандықтан 3 сағат жолға кетеді.

wac3pahmzva

Жылауық үңгір. Бұл үңгір табиғаты өте тамаша мекен Машат сайында орналасқан. Онда сарқырап ағып тұрған су, үңгір құдды жылап тұрғандай әсер қалдырады. Бұл аймаққа кіру үшін ақы төлеуге тура келеді. Бірақ, көркіне көз тоймайтын жерде демалып, суретке түсу сізді еш өкіндірмейді.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Соңғы таныстыратынымыз – кіл тастар жиналған қасиетті мекен. Адам ата мен Хауа ананың белгісіндей болған тастар кім-кімді де қызықтырса керек. Мұнда бір қызығы серуендеп, аймаққа кіріп-шығу су тегін, бірақ, еш жерінде суретке түсуге болмайды. Кірер кезде адамдар тыйым салынған заттар мен темекіні алып қалады.

Красоты-ЮКО-2-640x354

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар