Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда жасырын қораздар төбелесін ұйымдастырғандар ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылған жасырын қораздар төбелесін аймақтың тәртіп сақшылары тоқтатқан. Бұл туралы ҚР ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

cock_fighting_01

Сурет natureworld.ru

Полиция мәліметінше, мамыр айының ортасында Сайрам аудандық полиция басқармасына Қарабұлақ ауылында жергілікті тұрғындардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны туралы ақпарат түседі. Полиция басқармасының қызметкерлері Қарабұлақ ауылының 45 жастағы тұрғынының ауласынан қораздардың жекпе-жегін өткізуге арнайы жасалған алаңды тапқан. Тәртіп сақшылары барған кезде оншақты қатысушы қызу бәсекені тамашалап отыр екен.

Анықталғандай ер адам өз ауласында қораздар жекпе-жегін ұйымдастырып, жекпе-жекке арнайы ақша тігіліп отырған. Заттай дәлел ретінде полицейлер тауықтар мен ақшаларды тәркіледі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді олар “заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды” деген айып аясында жауап беретін болады.

Талқылау